Accessibility links

Ирақтағы жаңа жарылыстардан мерт болғандар бар


Сейсенбі күні хабарланғанындай, Ирақ астанасының орталығында жарылған бомбыдан кемінде екі кісі опат болып, ондаған адам жарақат алды. Көлікке қойылған бомба жарылған маңайда болған Әли Мұхаммад есімді сақшы:

- Біз ол арада кезекшілік күзетте болғанбыз. Ол бомбаның нысанасы біз екендігіміз шындық. Бұл - бізге қарсы лаңкестердің шабуылы еді. Құрбан болғандар арасында қатардағы азаматтар мен әріптестеріміз бар, - деді.

Жалғасып келе шатқан шабуылдардың салдарынан дүйсенбіде Ирақта кемінде 50 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG