Люксембург сыртқы істер министрі Джейн Асселборн Иранның ядролық қаруға ұмтылысын тоқтату үшін әлем қауымдастығы қолдан келер барлық шараны атқару керек деп мәлімдеді. Асселборн мәлімдемесін швециялық Ааре қаласында өтіп жатқан Еуро-Атлантика серіктестігі кеңесінің мәжілісінде жасады. Бүгін, сондай ақ, Британия, Франция және Германия сыртқы істер министрлері Иран делегациясының басшысы Хасан Роуханимен Женевада кездесіп, Иран ядролық бағдарламасының мәселесін талқылау керек.