Accessibility links

Австралия мұсылмандарының көсемі Ирақта кепілдіктегі денсаулығы нашар Австралия азаматының орнына өзін ұсынды


КАНБЕРРА. Шейх Таж әл-Дин әл-Хилалидің өкілі көсемнің бұл ұсынысы туралы хабарды тарату үшін оны видеоға жазып алып, Таяу Шығыс телеарналарына, оның ішінде Әл-Жазира телеарнасына жібергенін айтты. Егер 63-жастағы Дуглас Вуд әлі тірі болса, онда оның орнына Ираққа мен барамын деген шейх. Естеріңізге сала кетсек, Ирақтағы көтерілісшілер Австралия азаматын мамырдың басында ұрлап әкетіп, Австралиядан Ирақтағы әскерлерін алып кетуді талап еткен болатын. Бірақ Австралия үкіметі Ирақтағы әскерлерін алып шықпаймыз деген.
XS
SM
MD
LG