Accessibility links

Ресей президенті мен үкіметі “РАО “ЕЭС России” компаниясын не үшін айыптайды?


МӘСКЕУ. Ресейдің біртұтас энергия жүйесі акционерлік қоғамы – “РАО “ЕЭС России” компаниясының төрағасы Анатолий Чубайс кеше Мәскеу қаласындағы электр жарығының өшуіне байланысты бүгін Мәскеу прокуратурасына шақырылды. Ол прокуратураға осы сағатта келуге тиіс. Мәскеу метросы мен басқа жолаушы көліктерінің жұмысы толық қалпына келтірілді. Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі В.Христенко Мәскеудегі бүкіл электр жүйесі бүгін күндіз толық іске қосылады деп мәлімдеді. Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр М.Фрадков энергия жүйсендегі дағдарыстың көп себебінің бірі - “РАО ЕЭС России” компаниясының салғырт жұмысы деп атап көрсетті. Кеше осы компанияны президент В.Путин де айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG