Accessibility links

Ирақта бір тікұшақ апат болып, екі американдық сарбаз қаза тапты


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Бағдадтың солтүстігіндегі Бақуба қаласында шағын қарулар шабуылында бір тікұшақ апатқа кезігіп, екі американдық әскер қаза тапқан.

Ирақ 40 мың кісілік полиция және әскери күшпен Бағдадты айнала қауіпсіздік қорғаныс шеңберін, тексеру бекеттерін орнатпақ. Бұл елде жүздеген адамды құрбан еткен бүлікшілдерге қарсы әрекетті АҚШ қолдап отыр. АҚШ генералы Картер Хэмнің айтуынша, әл-Қайда жетекшісі әл-Зарқауидің жараланғандығы жөнінде ақпарат зерттеліп жатыр екен.

- Зарқауи - өте маңызды адам. Бірақ, оның ұйымы бір адам емес үлкен топтың күшіне ие. Ол тұтқындалғанымен, немесе жарақат алып өлтірілгенімен әл-Қайда өз іс-тірлігін доғарып тастамайды, - дейді генерал Хэм.
XS
SM
MD
LG