Accessibility links

Бағдадтың маңайына 40 мың әскер орналастырылатын болады


Ирақтың қорғаныс және İшкі істер министрліктері соңғы апталарда жүздеген азаматты мерт еткен бүлікшілерді ұстап, басу үшін Бағдадқа 40 мыңдай әскер орналастырылатын болады деп айтқан. Бағдадтың маңайында жүзеге асырылатын бұл рейдтерге АҚШ күштерінің қатысатын-қатыспайтындығы белгісіз.

Басқа да хабарларға қарағанда, кеше исламдық веб-сайтта жарияланған материалда Әл-Қаида жетекшілерінің бірі делінетін Әбу Мұсаб әл-Зарқауидың денсаулығы жақсы, ол жихад жолындағы шабуылда деп жазылған.

Бұдан бірер күн бұрын Зарқауи жараланды деген хабарлар таратылған еді. Бұл жаңалықтардың қай-қайсысында тексеру мүмкіндігі болған жоқ.
XS
SM
MD
LG