Дәрігерлер де мемлекет басқарушысының денсаулығы әзір жақсы деп айтқан. Сауд Арабиясынан кеше жеткен хабарларда Фахд патшаның медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылғаны айтылған болатын. Фахд патша 1995 жылы инсульт алған, содан бергі он жыл бойына мемлекет басқару ісін тақ мұрагері Абдұлла ханзада жүргізіп келеді.