Accessibility links

Индонезияның вице-президенті кеше Сулавеси аралында 22 адамды опат етіп, 40 кісіні жарақаттаған жарылыс бұл аймақтағы сектанттық қақтығыстармен байланысты емес деп атап көрсеткен


Юсуф Калла бұл жергілікті мұсылман және христиан қарсыластарының емес, сырттан келген террористердің іс-әрекеті деп, соларды айыптаған. Кеше ертемен екі жарылыс христиандар басым тұратын Тентена қаласында базар орталығында болған еді. Ал жарылмай қалған үшінші бомба сәл кейінірек жақын жердегі шіркеу маңынан табылған.

Сулавеси аралында 2000-2002 жылдар ішінде мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстарда 1 мыңдай адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG