Accessibility links

Ауғанстанда қарақшылардың тұтқынында отырған италияндық әйел өзін босатуды сұрамайды


КАБУЛ. Бүгін Ауғанстандағы жеке-меншікті Толо-ТВ телеарнасы Халықаралық қайырымдылық ұйымының (CARE) осыдан 2 апта бұрын қарақшылар ұрлап алып кеткен италияндық қызметкері Клементина Кантониді көрсетті. Бейнесюжетте 32 жастағы италияндық әйел мылтықтарын өзінің басына кезеп тұрған 2 қарақшының ортасында отыр. Қарақшылар беттерін орамалмен бүркеген болса да, қолдарынан олардың жас екені байқалады. Кантониге бұйыра сөйлеп тұрған үшінші қарақшының үні ғана естіледі. Кантони болса:

- Менің атым Клементина. Бүгін мамырдың 28-і, жексенбі... – деп, күн мен түнді шатастырып алғанын байқатты. Бірақ, ол өзін босатуды өтінбейді.
XS
SM
MD
LG