ДАМАСК. Ресей мен Сирия Дамаскінің Мәскеу алдындағы сонау совет дәуірінен жиналып қалған 9 млрд. долларға жуық берешегін жою туралы уағдаласты. Осы жөніндегі келісімге бүгін Дамаскіде екі елдің қаржы министрлері Алексей Кудрин мен Мухаммад Әл-Хуссеин қол қойды. Ендігі жерде Сирияның Ресейге 3,5 млрд доллардан сәл көп қарызы қалды. Ол берешектің бір бөлігі Мәскеуге тауар түрінде қайтарылады немесе Ресейдің Сириядағы кейбір инвестициялық жобасын қаржыландыруға жұмсалады.