ТАШКЕНТ. АҚШ-тың 3 сенаторы Өзбекстан үкіметін Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз түрде тергеуге мүмкіндік бермегені үшін сынады. Бұған дейін Өзбекстанның шығысында толқулар кезіндегі куәгерлер үкімет әскері наразылық танытушыларға оқ атты деген болатын. Осы қантөгісті зерттеу үшін Өзбекстанға АҚШ сенаторларының үшеуі, яғни Джон МакКэйн, Линдсэй Грэхам және Джон Сунуну келген еді. Аталған сенаторлар Ташкентте баспасөз маслихатын өткізіп, бейкүнә адамдар қырғын болған оқиғаларға алаңдаушылығын білдірді.
Өзбекстан ресмилері АҚШ делегациясымен кездесуден бас тартты. Ал президент Ислам Кәрімов халықаралық тергеушілерді Әндіжандағы оқиғаларға араластырмай отыр.
Өзбекстан ресмилері АҚШ делегациясымен кездесуден бас тартты. Ал президент Ислам Кәрімов халықаралық тергеушілерді Әндіжандағы оқиғаларға араластырмай отыр.