Accessibility links

Ливанда парламент сайлауының бірінші сатысы өтті


БЕЙРУТ. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан кеше Ливанда өткен 4-сатылық парламент сайлауының біріншісін оң қабылдады.

- Сирияның араласуынсыз болған бұл алғашқы сайлау демократиялық түрде өтті, - деді К.Аннан мырза.

Ливан халқы парламенттегі 128 депутаттың 19-ына дауыс берді. Бейрутта қастандықтан қаза болған бұрынғы премьер-министр Рафик Хариридің ұлы бастаған саяси бірлестік парламенттегі 19 орынға ие болып, жеңіске жеткенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG