Accessibility links

ФТБ-сының бұрынғы қызметкері АҚШ президенті Р.Никсонның биліктен кетуіне себеп болған “Уотергейт” жанжалына түрткі болған


ВАШИНГТОН. Федералдық тергеу бюросының бұрынғы жоғары шенді қызметкері АҚШ президенті Ричард Никсонның биліктен кетуіне себеп болған “Уотергейт” жанжалын көтерген ақпарды мен тараттым деп отыр. 1970 жылдардың басында Федералдық тергеу бюросы директорының орынбасары болған 91 жастағы Марк Флет “Вэнити фэйр” журналының сейсенбі күні шыққан санында осылай деп мәлімдеді. “Вэнити фэйр” журналы “Вашингтон Пост” газетінің тілшілері Боб Вудворд пен Карл Бернстайнның “Уотергейт ісін” тергеуіне қажетті аз қана ақпар беріп, ақырында, 1974 жылы Р.Никсонның президент лауазымынан бас тартуына себеп болған.
XS
SM
MD
LG