Accessibility links

А.Дзасохов Солтүстік Осетияның басшылығынан не себептен бас тартты?


МӘСКЕУ. Солтүстік Осетияның басшысы Александр Дзасохов Ресей президенті В.Путинге биліктен кететінін хабарлады. Жергілікті теледидардан берілген сөзінде ол мұндай шешімге көп күн ойланып бел буғанын атап көрсетті. А.Дзасоховтың айтуынша, “жастарға жол беретін уақыт та келді”. Солтүстік Осетия басшылығына Кремль тарапынан 1998 жылы тағайындалған 71 жастағы А.Дзасохов биліктен кетуінің басқа ешбір сырын ашып айтпады. Өткен жылдың қыркүйегіндегі “Беслан трагедиясынан” кейін Беслан тұрғындары Дзасоховтың биліктен кетуін талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG