БАҒДАД. Ирақ президенті Жалал Талабани адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін бұрынғы диктатор Саддам Хусеин алдағы 2 айдың ішінде сотқа тартылады деп үміттенеді. Кеше кешкісін Си-Эн-Эн телеарнасына берген сұхбатында ол осылай деп мәлімдеді. АҚШ армиясы С.Хусеинді арнайы трибуналға дейін жасырын түрде ұстап отыр. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы қантөгістің жалғасуына қарамастан, елдегі жетістіктерге қуанатынын атап көрсетті. Ирақ премьері Ибраһим Әл-Жаафари сүнниттердің Ислам партиясының лидері Мухсин Абдул-Хамидті АҚШ күштерінің дүйсенбі күні тұтқынға алуына наразылық білдірді. Парламентте сөйлеген сөзінде ол, сондай-ақ, жаңа конституцияны тамыз айының ортасына дейін дайындау қиынға түсетінін атап көрсетті.
Ирақ президенті адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін Ирақтың бұрынғы диктаторы алдағы 2 айдың ішінде сотқа тартылады деп үміттенеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес