Accessibility links

Ж.Ширак (Франция): «Референдумның нәтижесі “Еуропаның идеалдарынан бас тарту” деген сөз емес...»


ПАРИЖ. Француз халқының басым бөлігі Еуроодақ Конституциясына қарсы дауыс берген жексенбілік референдумнан кейін кеше Франция президенті Жак Ширак ел азаматтарын бірлікке шақырды. Сейсенбі күні халыққа жолдаған сөзінде ол дауыс берудің нәтижесі “Еуропаның идеалдарынан бас тарту” деген емес, бірақ Еуропалық институттардың да, француз үкіметінің саясатына да азаматтардың көңілдері толмайтынын көрсетті деп мәлімдеді. Осы күні Ж.Ширак Жан-Пьер Раффареннің үкімет басынан кету жөніндегі өтінішін қанағаттандырып, бұрынғы ішкі істер министрі Доминик де Вильпенді премьер-министр етіп тағайындады. Ж.Ширак Франциядағы аса беделді саясаткерлердің бірі әрі өзінің бақталасы Никола Саркозиді де үкімет құрамына шақырды.
XS
SM
MD
LG