Accessibility links

М.Ходорковскийдің адвокаттары оған шығарылған сот өкімін бұздырмақшы


МӘСКЕУ. Кеше “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесі М.Ходорковскийдің адвокаттары оны 9 жылға бас бостандығына айырған Мещан аудандық сотының өкімін бұздыру үшін шағымданатындарын мәлімдеді. Адвокат Генрих Падваның пікірінше, Ходорковскийге тағылған айыптардың саяси астары бар. “ЮКОС”-тың бұрынғы иесі сот өкімін Кремльдің тапсырысы бойынша шығарылған “әділетсіздіктің ескерткіші” деп бағалады. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш М.Ходорковскийге шығарылған өкімге алаңдаушылық білдіріп, телефон арқылы оның ісі туралы В.Путинмен сөйлескенін хабарлады. Ресейдің бас прокуратурасының өкілі Наталия Вишнякова бұл істің саяси астары бар деген пікірді түбегейлі жоққа шығарып, сотта нақты да ауыр қылмыстар жасалғаны толық дәлелденді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG