МИНСК. Беларусь президенті Александр Лукашенко бейүкіметтік ұйымдар мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының атауларына “Беларусь” және “ұлттық” деген сөздерді қосуға тиым салды. Лукашенконың баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда, атауында осы екі сөз болған топтар алдағы 3 ай ішінде оны өзгертіп, қайта тіркелуі тиіс. Беларустегі бұқаралық ақпарат құралдарын қорғаушы топтар бұл шара елдегі тәуелсіз газеттерді жабуды көздейді дейді. Құқық қорғаушылар мен батыс елдерінің үкіметтері оппозиция мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсеткені үшін Лукашенконы сынап келеді.
Беларусте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының атауына “Беларусь” және “Ұлттық” деген сөз қосуға тиым салынды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі