ҚАНДАҒАР. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін Қандағар қаласында орын алған жарылыстан кемінде 17 адам қаза болып, 36 кісі жараланған. Құрбан болғандардың арасында Кабулдың қауіпсіздік мәселелері бойынша басшысы Акрам Хакризуал да бар. Жанкештінің бомбасы қаланың ең үлкен мешітінде жарылған. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл жарылыстан кем дегенде 50 адам опат болған. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мешітке шабуыл жасағандарды “Ауғанстан мен Исламның дұшпандары” деп атады.