МӘСКЕУ. Кеше Ресейдің қаржы министрі Алексей Кудрин М.Ходорковскийдің сотталуы Ресей экономикасына деген сенімге нұқсан тигізгенін мойындады. Оның атап көрсетуінше, сенімді қайта орнату үшін біраз уақыт керек болады. Сейсенбі күні “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы басшысы М.Ходорковский бірқатар айып бойынша 9 жылға кесілген болатын. Өзіне салынған орасан зор салықты төлеу үшін “ЮКОС” компаниясы өзінің бірқатар активін сатуға мәжбүр болды. Министр А.Кудрин “ЮКОС”-тың тағдыры Ресейдің бүкіл мемлекеттік билігіне, әлеумет саласына үлкен сабақ болды, бірақ Ресейде мұндай оқиға енді қайталанбауы керек деп атап көрсетті.
Ресей министрі “ЮКОС” компаниясы басшысының сотталуы Ресей экономикасына нұқсан келтіргенін мойындады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV