Accessibility links

Украинаның бір ауылында 1 жыл ішінде жүк поезы мен жолаушы автобус 2 рет қақтығысты


КИЕВ. Кеше Украинаның Одесса облысында жүк поезы жолаушы автобусын соғып, кем дегенде 14 адам, оның ішінде 2 сәби қаза болды, тағы 4 адам хал үстінде жатыр. Украинаның төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің өкілі хабарлағандай, қайғылы оқиға темір жол бойындағы Новоселовка деревнясында болған. Дәл осы жерде және дәл осындай апат өткен жылдың мамыр айында болып, одан 15 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG