Accessibility links

Еуроодаққа қабылдану үшін Хорватия Халықаралық трибуналға көмек бере бастады


ЗАГРЕБ. Бұрын БҰҰ-ының Халықаралық трибуналының бас прокуроры Карла дель Понте ханым бұрынғы Югославияның әскери қылмыскерлерін, оның ішінде генерал Анте Готовинаны тұтқындау ісінде Хорватия Трибуналмен ынтымақтасудан жалтарды деп айыптаған болса, кеше Хорватияның премьер-министрі Иво Санадермен Загребтегі кездесуінде ол Готовинаны шынында да ұстап бермек ниеті бар деп атап көрсетті. Халықаралық трибунал 2001 жылы генерал Готовинаға Хорватияның сербтеріне қарсы жасаған қылмыстары үшін айып тақты. Өткен наурыз айында Еуроодақ қолға түспей жүрген Готовинаға бола Хорватияны мүшелікке қабылдау мәселесі бойынша келісмсөзді бастаудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG