Бұл жөнінде бүгін осы компанияның баспасөз өкілдері хабарлады. "Газпром" БАҚ-ң бас директоры Николай Сенкевич "Известия" газетінде қандай да бір өзгерістер жасау турасында әзірге жоспарымыз жоқ деп айтқан. Дегенмен де бұл жайт Ресейдің тәуелсіз басылымдарын мазасыздандырып, алаңдаушылық туғызды. Ресейдің телерадиохабарларын тарату ұлттық ассоциациясының вице-президенті Манана Асламасиян былай дейді:
- Мен "Известияны" електен өткізіп, оны да осы ірі холдингтің басқа БАҚ-ры тәрізді не айтса да тыңдайтын, өз сөздерінен шықпайтын жасайды ғой деп қорқамын.
"Известия" - күн сайын 385 мың тиражбен шығатын, негізі 1917 жылы 28 апқанда қаланған басылым. Ол Ресейдегі "Правда" газетімен бірдей белгілі, кең таралымды газет.