Accessibility links

БҰҰ-ның соғыс қылмыстары трибуналының аға прокуроры Карла дел Понте Балканға сапары кезінде Боснияға барды


Дел Понте Сербия, Черногория мен Хорватияға бұл сапары алдында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне бұрынғы Югославия республикалары қылмыстық істер трибуналымен ынтымақтастықта жұмыс істеуде деп хабарлама жасаған болатын. Белградта Сербияның бас министрі Воислав Коштуница Сербия билігі бұрынғы жауынгерлік топтың сегіз мүшесін тұтқындады деп мәлімдеген.

- Менің ойымша, бұл біздің ел үшін маңызды. Біз бұған бірден мән беріп, демек, бейнетаспаға түскен қылмыста күдікті дегендердің кейбірі ұсталып, сот алдында жауап беретін болғаны, - деген ол.

Біреулерді өлтіріп жатқан көрініс түсірілген ол бейнетаспа осы аптаның басында Гаагадағы бұрынғы сербтер басшысы Слобадан Милошевичтің сотында көрсетілген болатын. Сербия билік басылары Дел Понтенің сапары кезінде осы бір айдың ішінде бұрынғы Босния-сербия әскери қолбасшысы Радко Младикті қолға түсіріп тұтқындаймыз деп уәде етті.
XS
SM
MD
LG