Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд бүгін Таяу шығыстың БАҚ-ын «Америкаға қарсы бағыт пен күн тәртібінде алдыңғы қатарға Ислам көтерілісшілері тақырыбын шығарып отыр" деп сынады


Рамсфелд Сингапурдағы қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде араб тілінде хабар тарататын «Әл-Жазира» сияқты телеарнаны түрлі видеотаспаларды көрсетті деп айыптап, АҚШ туралы көрсетілімдер әділетті болған жоқ деп мәлімдеді.

- Егер сіз осында Таяу шығыста тұрып, күн сайын «Әл-Жазира» телеарнасын қарасаңыз, тіпті, сіз американдық болсаңыз да, Американы жаман деп ойлаған болар едіңіз. Шынымды айтсам, мен күнде таңертең тұрып, Америка мен әлем арасы дұрыс емес деп ойламаймын.

Рамсфелд, сондай-ақ, Қытайдың әскери күшін арттыру қажеттілігіне күмән келтіріп, ресми Бейжіңді адамдарға көбірек саяси еркіндік беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG