Онда тероризм, теңіздегі қауіпсіздік, қорғаныс индустриясы және жаппай қырып-жою қаруы мәселелері жан-жақты талқыланды. Форум делегаттары Солтүстік Кореяның ядролық қару жасауды тоқтатуына бейбіт жолмен қол жеткізу турасындағы ойларын тағы да қайталап айтты. Австралияның қорғаныс министрі Роберт Хилл Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге келтіруде Қытай көп шаралар атқара алады деп атап көрсеткен.
Вашингтондық жоғары лауазымды шенеунік АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ң талқылауына шығарып, санкция жағдайын бірер аптаның ішінде қарастырады деп айтқан.
Қытайдың қарулы күштері мәселесі де мұнда көп назарға ілікті. АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Қытайдың әскер саласына жұмсалатын қаржыны көбейтіп жатқанына тоқталып, бұл реттегі саясатын өзгертуді сұрады. Жапония министрі Иошинири Оно Қытай әскери шығындарын айқын көрсетіп отыруы керек деп айтты.