Accessibility links

Ирақ премьер-министрінің өкілі Саддам Хусейінге барлығы 500-ден астам айып тағылады, дегенмен ол сотта 12 айып бойынша жауапқа тартылуы мүмкін деп айтқан


Лэтс Каба Бағдадтағы баспасөз конференциясында Саддам Хусейіннің соты алдағы екі айдың ішінде болады деді. Бірақ нақты күні айтылмаған. Саддам Хусейін 2003 жылы тұтқындалғаннан бері Бағдадтағы АҚШ басқаруындағы абақтыда ұсталып отыр. Өткен шілде айында Бағдадта басталған сотта оған 30 жыл ішінде саяси бәсекелестерін өлтірді, 1988 жылы Халабия қаласында күрдтерді газбен улады, 1990 жылы күрдтер мен шииттердің көтерілісін басып, Кувейтке кірді деген және тағы басқа да айыптар тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG