Accessibility links

АҚШ-тың Марс жұлдызын зерттейтін ғарыштық аппараты тағы да қозғала бастады


ПАСАДЕНА, КАЛИФОРНИЯ. АҚШ-тың ғарыш агенттігі – НАСА-ның Марс жұлдызындағы “Opportunity” аппараты тағы да қозғала бастады. НАСА-ның инженелері аталмыш ғарыш аппаратын құмнан босату үшін 5 апта бойы тер төгіп, осы жексенбі күні Қызыл жұлдыздан алынған жаңа суреттер 6 доңғалақты аппараттың қайтадан қозғалып, құмда қалдырған іздерін көрсетті. “Opportunity” мен оның серігі – зерттеуші “Spirit” аппараты Марс жұлдызындағы миссиясын 16 ай бойы атқарып келеді. Екі аппарат Қызыл жұлдызға 2004 жылдың қаңтарында қонған болатын.
XS
SM
MD
LG