Accessibility links

Сирияның күрд қауымы діни жетекшісінің өлімін тиянақты тергеуді талап етуде


ДАМАСК. Кеше бірнеше мың күрд өздерінің белгілі діни жетекшісі Мохаммад Маашуқ Хазнауидің қазасына байланысты ақиқат ақпарды талап етіп Сирияның Қамышли қаласында шеруге шықты. 10 мамырда хабар-ошарсыз жоғалған Хазнауидің қазасы өткен сәрсенбі күні жарияланды. Сирия үкіметі Хазнауидің қазасына кінәлі қылмыстық топтың 5 мүшесінің екеуін тұтқындағанын мәлімдеді. Алайда күрд қауымы мен Хазнауидің отбасы бұл қылмысты істің тиянақты тергелуін талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG