Accessibility links

Ауғанстанда Талибан қозғалысының көрнекті қолбасшысы ұсталды


КАБУЛ. Ауғанстанда Талибан қозғалысындағы жетекші қолбасылардың бірі тұтқынға түсті. Ауғанстанның қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, дивизия командирі Қажы Сұлтан сенбі күні Фарах өлкесінде қолға түсіп, АҚШ әскеріне табыс етілді. АҚШ армиясы басшылығының қолында тәліптердің АҚШ пен Ауғанстан әскерлеріне қарсы шабуылдарын нақ осы Сұлтан басқарды деген мәлімет бар көрінеді. Кеше, сондай-ақ, Ауғанстанда 16 мамырда ұрланған италияндық әйел Клементина Кантонидің анасы қызын тұтқында ұстап отырғандардың аналарына өз қызын тұтқыннан босатуға көмек берулерін сұрап ашық хат жолдады.
XS
SM
MD
LG