Accessibility links

Ұлыбритания Еуроодақтың Конституциясы бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды


ЛОНДОН. Британия премьер министрі Тони Блэрдің өкілі Ұлыбритания Еуроодақтың жаңа конституциясы бойынша референдумды өткізуін кейінге қалдырды деп мәлімдеді. Аталған референдум келесі жылы көктемде өтуі тиіс болатын. Бірақ Франция мен Голландия Еуроодақтың конституциясын қабылдамағаннан кейін жағдай өзгерді. Жаңа Ата заң күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың 25 мүшесі мақұлдауы тиіс. Әзірше оны 10 ел қабылдады.
XS
SM
MD
LG