Accessibility links

Англия Еуроодақ Конституциясы бойынша референдумды көктемде өткізбейді


ЛОНДОН. Ұлыбритания Еуропа одағының жаңа Конституциясы бойынша келесі жылдың көктеміне белгіленген референдумды кейінге қалдырды. Кеше британ парламентінде сыртқы істер министрі Джек Строның мәлімдегеніндей, Еуроодақ Конституциясының жобасын Франция мен Голландия халықтарының қолдамауынан кейін референдум өткізудің қисыны жоқ. Сонымен бірге Дж.Строның атап көрсетуінше, егер ахуал өзгерген жағдайда Лондон референдум өткізу құқын сақтап қалады. Еуроодақтың жаңа Конституциясы оны Еуроодаққа мүше барлық 25 ел мақұлдағанда ғана күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG