Accessibility links

Халықаралық адам хұқтары ұйымы Әндіжан қаласындағы халық толқуын басуда Өзбек үкіметінің қару қолданып, адам өліміне жол бергендігін "қырғын" деп суреттеген хабарлама жариялады


Баяндама 13 мамыр оқиғасының куәгерлері мен зардап шеккендердің, онда құрбан болғандардың туыстарының айтқандарына негізделген. Адам хұқтары ұйымының Өзбекстан бойынша талдаушысы Эллисон Гилл былай деді:

- Біз ол оқиғаны айқын, нақты суреттеуге тырыстық. Әндіжанда шын мәнінде не болғанын анық етіп көрсете алғанымыздай, ол күннің толық көрінісі үкіметтің қылмысқа барғанын және көптеген сұрақтардың жауапсыз қалғанын көрсетсе, бейбіт адамдарға қарсы қару жұмсап, оқ атылғаны жөнінде бәрі де ашық болуы керек.

Өзбек билігі адам хұқтары ұйымының хабарламасына ешқандай пікір білдірген жоқ. Олар экстремистерді айыптаған бұл қақтығыста 173 адам опат болды деп мәлімдеп келген. Алайда, адам хұқтары ұйымының белсенділері өлгендер саны 1000 мыңға жетеді дейді. Европа одағы Өзбек президенті Ислам Кәрімовтің Одақ елшісінің осы елге барып, ереуілдер күшпен басылғаннан кейінгі қарым-қатынастар турасында талқылаулар өткізуіне мүмкіндік беруін күтеміз деп айтты. Одақ елшісі Маикл Маттиссеннің бұдан бұрынғы өтінішіне рұхсат берілмегендігі жұма күні белгілі болған еді. Кеше «Ассошайтед пресс» агенттігі қауіпсіздікке байланысты Әлемдік банк Өзбекстандағы қызметін тоқтатады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG