САМАРҚАНД. Өзбекстандағы ресми түрде тіркелмеген “Азат дихандар” партиясының лидері Нигора Хидоятованың хабарлағанындай, Самарқанд облысындағы колхозда үкіметтен партияның жергілікті басшысын әрі адам құқын қорғаушы азаматты дереу босатуды талап етіп, кем дегенде 600 адам көшеге шықты. Ол адам жексенбі күні тұтқындалған көрінеді. Әзірше Өзбекстан үкіметі сыр бермей отыр. Нигора Хидоятованың хабарлауынша, қауіпсіздік күштері әлгі колхозды қоршап алды.