Accessibility links

Ирақта тағы бір қастандық іске асырылды: кем дегенде 2 бейбіт тұрғын қаза болды


БАКУБА. Бүгін Ирақтың Баакуба қаласы маңында бомба орнатылған автокөлік жарылып, кем дегенде жергілікті 2 тұрғын қаза болды. Полицияның хабарлауынша, әлгі автобомба Әс-Сада ауылындағы жанар-жағар стансасында кезек күтіп тұрған автокөліктерді жармақ болған. “Рейтер” агенттігі тілшісіне айтқан сөзінде аман қалғандардың бірі жарылыс болған жерде не АҚШ әскерінің, не Ирақтың қауіпсіздік күштері өкілдерінің болмай, бірыңғай бейбіт халықтың жиналып тұрғанын хабарлады.” Бүгін, сондай-ақ, шийттер басым тұратын Басра қаласындағы көпірдің астынан сүннит қауымы лидерінің қорлықпен өлтірілген денесі табылды. Жексенбі күні оны полицейше киінген кісілер алып кеткен көрінеді. Сирия шекарасына маңында орналасқан Таль-Афар қаласындағы көтеріліске қарсы АҚШ әскері мен Ирақ армиясының жүргізіп жатқан ауқымды операциясы барысында сейсенбі күні 3 АҚШ жауынгері мен басқа 33 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG