Accessibility links

Мәскеу мен Тбилиси Ресейдің әскери базалары бойынша келісімге қол қоймақшы


ТБИЛИСИ. Грузиядағы 2 әскери базасын шығаруға Мәскеуге 3 жыл уақыт беретін келісімді пысықтау мақсатында Ресейдің үкіметтік делегациясы бүгін Тбилисиге келді. Тбилисиге келген бетінде журналистермен болған әңгімесінде Ресейдің арнаулы елшісі Лев Миронов екі жақ қол қойған мәлімдемені енді келісім ретінде рәсімдеп, заңдастыруымыз керек деп атап көрсетті. Өзара ұзақ келіссөзден кейін ресми Мәскеу мен Тбилиси өткен айда Ресейдің 2 әскери базасын 2008 жылға қарай шығару жөнінде уағдаласқан болатын.
XS
SM
MD
LG