Accessibility links

Иран таяуда емделу үшін босатқан тәуелсіз журналисті қайта тұтқындамақшы


ТЕҺРАН. Иран үкіметі емделу үшін өткен айда түрмеден босатылған көрнекті журналисті тұтқындауға тағы бұйрық берді. Теһран қаласының бас прокуроры Саид Муртазавидің мәлімдеуінше, сот өкілдері Ақбар Ганжиді тұтқындау үшін оның үйіне сейсенбі күні түнде барған, бірақ ол жасырынып үлгеріпті. Журналистің әйелі ерінің үйде болмағанын растады. Ақбар Ганжи – жоғары лауазымды тұлғаларды бірқатар зиялы мен автордың өлімімен байланыстырған мақалалары үшін 2001 жылы түрмеге жабылды.
XS
SM
MD
LG