Accessibility links

Кеше Өзбекстан Әндіжанда болған толқуларға жүргізілген ресми тексеруді бақылаған халықаралық ұйымның бірінші сессиясы өткендігін хабарлады


Өзбекстан сыртқы істер министрілігі бұл кездесуге Ресей, Қытай, Қазақстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қырғызстан мен Тәжікстан дипломаттары қатысқанын айтқан. Бұл елдердің көпшілігі Әндіжанда ереуілге шыққандарды күшпен басқан Өзбек президенті Ислам Кәрімовтың шешімін қолдаған болатын.

Кездесуге АҚШ пен Франция өкілдері қатысқан жоқ. Адам хұқтары топтары Әндіжан көтерілісінде қаза тапқандар саны бір мыңдай болады десе, Өзбек ресми билігі олардың саны 173 деп мәлімдеп келген. Бұл аралықта Самарқанд қаласында жаңа наразылықтар туып жатқаны жөнінде хабарлар түсті. Тиым салынған "Озод дехқанлар" партиясы Самарқандтан 70 шақырым жердегі ұжымдық шаруашылықта 600-дей адам жиналып, тұтқындалған адам хұқтары белсенділерінің босатылуын талап етті дейді.
XS
SM
MD
LG