Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Гуантанамодағы әскери базаны жабу керек деп айтылып жатқан сындарға қатысты мәселені ашық қалдырды


Президент Буш “FOX” телеарнасына берген сұхбатында:

- Біз басты мақсат - Американы қорғаудың барлық баламалы жолдарын қарастырудамыз, - деп атап көрсеткен.

Өткен аптада Пентагон Гуантанамо базасында американдық тергеушілер мен күзетшілердің кейбірі аяқтарымен теуіп, суға тастап, зәрмен ластап, қасиетті Құранды қорлауға жол бергендігін мойындаған болатын. Қазір Гуантанамода 540-тай тұтқын бар, олардың кейбірі үш жылдан астам уақыттан бері ешқандай қылмыстық айып тағылмай, қамауда ұсталып отыр. Олардың көпшілігі 2001-2002 жылдары Ауғанстанда қолға түскендер және «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар деп күдіктелгендер.
XS
SM
MD
LG