Accessibility links

Ирақ президенті Жалал Талабани кеше шииттердің "Бадр" бригадасы мен күрд күрескерлерін көтерілісшілерге қарсы күресті жалғастырушы күштер деп атады


Шииттер партиясының жетекшісі Абдул Азизи әл-Хаким де оларды қауіпсіздік үшін маңызды роль атқаруға шақырды. Ирақтағы шииттер мен сунниттер арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұрған сәтте, "Бадр" қозғалысының конгресінде осындай пікірлер айтылды. Сунниттердің кейбір жетекшілері жақында суннит діни жетекшісінің өліміне "Бадр" бригадасын айыптаған болатын, қозғалыс өкілдері мұны жоққа шығарады.

Кеше Ирақта болған соңғы қақтығыстарда Бақуба қаласының маңында үш адам опат болған.
XS
SM
MD
LG