Accessibility links

Еуроодақ ресмилері: “Егер өзбек билігі Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз тергеуге мүмкіндік бермесе, онда Өзбекстанға көмек беруді тоқтату керек”


МӘСКЕУ. Бүгін Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов Ресей - Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы қантөгісті халықаралық тергеуге қарсы деп мәлімдеді. АҚШ, Еуроодақ және БҰҰ Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз түрде тергеуге шақырады, ал Ресей бұны қолдамайды деді Иванов. Ал, Еуропалық заң шығарушылар егер Өзбекстан билігі Әндіжандағы қантөгісті тәуелсіз түрде зерттеуге мүмкіндік бермесе, онда Еуроодақ Өзбекстанға көмек беруді тоқтатуы керек дейді.

Мамырдың 13-і күні Әндіжанда үкімет әскерлері наразылық танытушыларға оқ атқан болатын. Ресми Ташкент 173 адам мерт болды десе, ал құқық қорғаушылар мыңға жуық адам қаза болды дейді.
XS
SM
MD
LG