Accessibility links

АҚШ президенті Дж. Буш Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша алтыжақты келіссөздерді қажет ететіндігіне Америка мен Оңтүстік Корея келісті дейді


Дж. Буш кеше Ақ үйде Оңтүстік Кореяның президенті Рох Му-юнмен кездесуден кейін бұл жөнінде былай деді:

- АҚШ пен Оңтүстік Корея Корей түбегі ядролық қарусыз болуы керек деген бірегей мақсатты көздейді. Біз міне осы жайты қалай жүзеге асыру керектігін талқыладық. Президент екеуміз алтыжақты келіссөздер Солтүстік Корея басшысына ядролық қарудан бас тартуы қажеттігіне көзін жеткізуі керек деген мәмілеге келдік.

Сеул мен Вашингтонның Пхеньянды ядролық қару бағдарламасын тоқтатуға қалай көндіру турасындағы бағыт, ұстанымдары түрліше. Вашингтон Солтүстік Кореяға қатаң шаралар қолдану жағында болса, Сеул неғұрлым жеңілірек шаралар арқылы мақсатқа жетуді ұсынады. Өткен ақпан айында өзінің ядролық қаруы бар екендігін мәлімдеген Солтүстік Корея халықаралық келіссөздерге мойынұсынбай қойған еді.
XS
SM
MD
LG