Accessibility links

Ливанда бүгін төрт кезеңді парламент сайлауының үшінші кезеңіндегі дауыс берулер өткізіледі


128 орындық парламенттегі 58 орынның тағдыры жоғарғы Ливан мен Бекаа жазығының шығыс аудандары сайлаушыларының даусымен шешіледі. Сирияға қарсы фракциялар парламент сайлауында үлкен қолдауға ие болудан үміткер. Бұдан бірер күн бұрын ғана БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Сирияның барлау агенттері толық кеткен-кетпегендігін тексеретін арнайы топты Ливанға жіберетін болып шешкен еді.

Сайлаудың алдыңғы екі кезеңінде биылғы жылы ақпан айында қастандықпен өлтірілген Рафиқ Хариридің ұлы бастаған Сирияға қарсы топ Бейрутта жеңіске жеткен болатын, ал оңтүстіктегі шииттер басым тұратын аймақта сирияшыл "Хезболла" мен "Амал" топтары басым түскен-ді.
XS
SM
MD
LG