Accessibility links

Э.Х.Мотахар (Иран): “Бұл қастандықтар жуырда Хузистан провинциясында болған ұлтаралық жанжалмен тығыз байланысты болуы ықтимал”


ТЕҺРАН. Ирандағы Хузистан провинциясының астанасы - Ахваз қаласында болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 8 адам құрбан болып, 30-ға жуық кісі жарақат алды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Әмір-Хуссеин Мотахардың хабарлауынша, бомбалар Иранда қолдан жасалған, ал бұл қастандықтардың жуырда Хузистан провинциясында болған ұлтаралық жанжалмен тығыз байланысы болуы ықтимал. Оның айтуынша, алғашқыда қала әкімінің кеңсесі жанында бомба орнатылған автокөлік жарылған, оның ізінше басқа әкімшілік кеңсесінің есігі алдында жарылғыш іске қосылды. Үшіншісі - жергілікті телекомпания алдындағы бомбаны залалсыздандырмақ болған кезде жарылған. Соңғы жарылыс тұрғын үйлердің жанында болды. Иранның ішкі істер министрлігі бұл жарылыстарды “террористік әрекет” деп бағалап отыр. 5 күннен кейін Иранда кезекті президент сайлауы өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG