Accessibility links

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Қ.Бәкиевтің сайлау штабына шабуыл жасалды


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Қ.Бәкиевтің орталық сайлау штабына белгісіз біреулер шабуыл жасап, оның 2 күзетшісін ауыр соққыға жығып кеткені туралы хабарланды. Қырғыз премьер-министрінің баспасөз-қызметінің өкілі Әуезбек Атаханов хабарлағандай, шабуыл жасағандар Қ.Бәкиев пен вице-премьер Данияр Үсеновтің күнделікті жүріс-тұрыс тәртібі, іс-әрекеті туралы мәлімет алмақшы болған. Әуезбек Атахановтың атап көрсеткеніндей, Ұлттық қауіпсіздік қызметіне болған істі тергеуге нұсқау берілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG