Accessibility links

Ирақтағы экстремистердің тұтқынынан босатылған француз журналисі бүгін Парижге ұшып жетеді


БАҒДАД. Ирақтағы экстремистердің тұтқынынан босатылған француз журналисі Флоранс Обена енді бірнеше сағаттан кейін Парижге ұшып жетуі тиіс. Оның тілмәші болған Ирақ азаматы да босатылды. Экстремистер ол екеуін 5 қаңтар күні Бағдадта байлап алып кеткен болатын. Француздардың “Либерасьон” газетінің Ирақтағы тілшісі болған Флоранс Обена Францияның әскери әуе базасына қонуға тиіс. Франция президенті Ж.Ширактың мәлімдеуінше, екеуінің денсаулығы жақсы көрінеді. Ж.Ширактың атап көрсеткеніндей, «157 күн тұтқында болған Флоранс Обена енді бүкіл халқымен және туыстарымен жүздеседі». Обенамен бірге 2 айдай тұтқында болған 3 румын журналисі 22 мамыр күні босатылған болатын.
XS
SM
MD
LG