КАБУЛ. Бүгін Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің өкілі Мухаммад Захир Әзими “Ауғанстан жеріндегі террористік лагерлерде жаттығудан өткен лаңкестер Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы төңкеріске атсалысты” деп мәлімдеуге ешқандай негіз жоқ деп атап көрсетті. Интерфакс агенттігі хабарлағандай, өткен бейсенбі күні Ресейдің қорғаныс министрі С.Иванов жуырда Өзбекстанда болған тәртіпсіздікті Ауғанстаннан келгендердің ұйымдастырғаны жөнінде Ресейде мәлімет бар деп мәлімдеген болатын. Мұндай мәлімдеме АҚШ бастаған коалициялық күштердің Ауғанстандағы Талибан қозғалысын құлатуынан 3 жылдан кейін жасалып отыр.
Ресми Кабул: «Ауғанстаннан келген лаңкестер Өзбекстандағы көтерілісті ұйымдастырды деуге ешқандай негіз жоқ».
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?