БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Ош қаласында 200-дей адам жергілікті қонақ үйді басып алмақ болды. Ағаш таяқтармен қаруланған топ «Алай» қонақ үйіне басып кірмек болғанда қонақ үйдің күзеті оларға тойтарыс берген. Одан кейін күзетшілер қонақ үйдің сыртында әлгі топтың ізіне түсіп қуып, автоматтан аспанға оқ атты. Бұл топтың мүшелері қырғыз парламентінің депутаты Баяман Еркінбаевтың қарсыластары көрінеді. Осы топ мүшелері, әлгі депутаттың «Алай» қонақ үйінде қаржылық мүддесі бар деп санайтын көрінеді.