КАБУЛ. Бүгін Ауғанстанның Қандағар қаласында жол бойында бомба қойылған автокөлік жарылып, одан 4 АҚШ жауынгері жараланды. Бұл шабуылды биліктен қуылған Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр. АҚШ армиясының жоғары шенді өкілі Джеймс Ионтстың мәлімдеуінше, әлгі 4 жауынгер осы өлкедегі қайта құру жұмыстарына көмектесетін команданың мүшелері көрінеді. 4 жауынгердің бірі Қандағар ауруханасында ауыр халде жатыр. Шабуыл жасаған жанпидашыл-лаңкестің өзі қаза тапты.