Accessibility links

Ирандағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам қамауға алынды


ТЕҺРАН. Иран ресмилері елде жексенбі күні орын алған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды деп мәлімдеді. Хабарланғанындай, алғашқы екі бомба Теһранның орталығында жарылған, оның салдарынан кем дегенде бір кісі опат болып, 4 адам жарақат алған. Артынша, Иранның Хузистан провинциясының астанасы Ахваз қаласында орын алған 4 жарылыстан кемінде 8 адам құрбан болып, 70-тен астам кісі жараланған. 3 күннен кейін Иранда кезекті президент сайлауы өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG